COVID-19: науқастардың телефонын неге тартып алып жатыр?
COVID-19: науқастардың телефонын неге тартып алып жатыр?
©Сурет интернеттен алынды
140
оқылды
"Мой город" порталы атап өткендей, әлеуметтік желілерде COVID-19 науқастарға туыстарының қоңырау шала алмай жатқандары туралы шағым жиілеп кетті. Осының мән-жайын БҚО денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді. Олардың айтуынша, ұялы телефондар инфекция жұқтырудың бір жолы екенін айтты. - Біздің елімізде күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Бүгінгі күні бұл вирус көптеген адамның өмірін қиды, көптеген адам туыстарынан, жақындарынан, достарынан айырылды. Желіде облыстық ауруханалардың бірінде науқастардың ұялы телефондарын алып қойып жатыр деген ақпарат тарады. Осыған байланысты айта кетейік, әрине ұялы телефон инфекцияның негізгі көзі емес, бірақ аурухана жағдайында одан жұқтыру мүмкін екенін атап өткім келеді. Өйткені телефон үнемі антисептикпен зарарсыздандырылмайды. Ал вирус көбінесе қолыңызда ұстайтын заттарға сіңіп алады. Алған емнен не пайда, ол қайта жұғып жатса, сондықтан енді барлық адам үшін басты ереже - санитарлық ережелерді қатаң сақтау. Бұл - ауру мен өлімнің деңгейін төмендетудің басты мүмкіндігі. Біздің әрқайсымыз өз денсаулығымызға жауаптымыз! - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар.