Қайраткер тұлға, асыл азамат еді
Қайраткер тұлға, асыл азамат еді
590
оқылды
Әріптес бауырым, үзеңгілес серігім Қосман Қайыртайұлының қазасы туралы қаралы хабарды естігенде төбемнен жай түскендей күйде болғанымды жасыра алмай­мын. Ауыр күйзелiспен қабыл­да­дым. Жүрек қан жылап тұр... Қи­мастық сезімімді жеткізу қан­дай ауыр еді десеңізші... Ол туралы өт­кен шақта сөз қозғаймыз деп кім ойлаған... Мемлекет және қоғам кайрат­кері Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамыз­да Целиноград облысы Ерейментау ауданы Бестөбе ауылында дүниеге келді. Қосман Айтмұхаметов Целиноград ин­женерлік-құрылыс институтын инженер-механик ма­мандығы бойын­ша бітіріп, кейіннен заң­гер мамандығын игерген. 1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженерінен бастап, «Астана Горкоммунхоз» акционер­лік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкерші­лігі шектеулі серіктестігі өндіріс директорының орынбасары, Ақмо­ла облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Аумақ­тық даму вице-министрі, Ұлттық министрліктің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ко­мите­тінің және жер ресурстары басқар­ма­сының төрағасы болып қызмет етті. 2014-2019 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары лауа­зымында қызмет атқарған Қосман Қайыртайұлы бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Қосман Қайыртайұлы – елор­дамыз Нұр-Сұлтан қаласын салуда өзіндік қолтаңбасын қалдырған азамат. Саналы ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған мемлекетшіл жан еді. Екеуміз ел астанасы қа­зіргі Нұр-Сұлтан қаласына көшкен жыл­дары жақын таныс­тық. Ол қала бас­­шылығында, содан кейінгі жауап­­ты қызметтерде жүрген жыл­дары сенiмдi серiк­терім­нің, адас­тыр­­­мас ақылдас­та­рымның бiрi бола білді. Ол өзіне жүктелген міндеттерді әрдайым мүлтіксіз орындауға ұмтылып, ұлтқа пайдасы мол та­лай оң бастамаларды сәтті жү­зеге асы­рып, елдің сый-құрметіне бөленген абзал жан. Мемлекеттiк қызметте жоғары жауапкерші­лі­гімен, ic­кepлігімен, ұйымдастыру­шылық қабілетімен кеңінен та­нылды. Істiң көзiн таба бiлетiн бiлiктi де талап­шыл басшы еді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде қатар өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі әрі өлшеусіз үлкен үлес қосты. Түркі әле­мі­нің мәдени астанасы – Түркіс­танның жаңаша кейіпке енуіне еңбек сіңірді. Арыс қала­сындағы жарылыстан туындаған төтенше жағдайдың зардабын жоюға аянбай атсалысып, сондағы үйлердің соңғы шатыры жабыл­ғанша барын, жанын салып, құрылыстың басы-қасында жүрді. Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарын жою ша­ра­ла­рына алғашқы күндерден-ақ білек сыбана кірісіп, ауқымды құры­лыс­тың басталуына, сапалы жүргізілуіне басшылық жасады. Қосман Қайыртайұлы терең білімі мен бай тәжірибесінің арқа­сында мемлекеттік қызметтің жауап­ты салаларында иеленген лауазым­дарын адал атқарды. Сана­лы ғұмырын ұлт қызметіне, мем­лекет ісіне арнаған азаматтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге екені анық. «Жақсы адамның өлімі де өнеге», – дейді халқымыз. Елге қыз­мет етуде, мемлекеттік қыз­метте өз өрнегі, қайталанбас қол­таңбасы бар азаматтың өмірден өтуіне байла­нысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына, облыс халқына, барша қазақ­стан­дықтарға қайғыларына ортақ­таса отырып көңіл айтамын. Бауыры­мыздың жатқан жері жайлы, има­ны саламат болсын. Асыл аза­маттың бейнесi жады­мызда мәңгі сақталады.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі