Өзін антикор қызметкерімін деп таныстырған алаяқ тұрғындардың 80 миллион теңгесін иемденген
Өзін антикор қызметкерімін деп таныстырған алаяқ тұрғындардың 80 миллион теңгесін иемденген
262
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері болып танысқан алаяқ заматтардың 80 миллион теңгесін алдап алған, - деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. 
"Агенттік 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған "А" есімді тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін азаматтардың 80 миллион теңге сомасындағы қаражатын алдау арқылы иемденді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.