Мұнай-газ саласында қалыптасқан қиындықтарға қарамай, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнындағы өндірістік объектілер 2020 жылғы өндіру жоспарына, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының, экологиялық нормалардың барлық талаптарына сәйкес қатаң түрде іске асырылуда. ҚПО экология мәселелеріне үнемі басымдық беріп келеді. Табиғатты пайдалану шарттарын сақтай отырып, қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлар мен іс-шараларды орындауда. Қоршаған орта эмиссиясына толық мониторинг жүргізіліп отыр. Бұл шығарындыларды, ағынсу төгіндісін, қалдықтарды өңдеу және орналастыруды, сондай-ақ олардың ауаға, топыраққа, жер беті және жер асты суларына әсерін бақылайды. Кен орнына жақын орналасқан санитарлық-қорғаныс аймағы мен елдімекендердегі ауа сапасы айрықша бақыланады. Бақылау өлшемдерін экологиялық мониторингтің аккредиттелген зертханасы мен стационарлық станциясы жүргізеді. Сынамалар алу және оларды талдау тәулік бойы жүргізіледі. Энергия ресурстарын тиімді пайдалану аудиты мен оларды одан да тиімдірек пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу толығымен жүріп жатыр. Келесі кезеңде тағы бір ауқымды жоба – энергия ресурстарын тиімді пайдалану және парник газдарының шығарындыларын азайту жөніндегі ұзақмерзімді жоспарды әзірлеу. Сандық жүйеге көшіру ретімен және жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын атап кеткен жөн. Бұл ҚПО бөлімдері мен оның мердігерлерінің қызметінің барлық саласына едәуір ықпал етеді, олардың жұмысының тиімділігін арттыруға және инновациялық процестерді енгізуге қосымша мүмкіндіктер жасайды. Сандық жүйеге көшіру мәселесі, әсіресе пандемия мен карантин шаралары кезінде аса өзекті екенін көрсетті. ҚПО 2005 жылдан бастап ArcGIS бағдарламалық қамтымы енгізілді, дамытылды және қарқынды пайдаланылып келеді. Бұл кеңістіктік-координаттық деректерді жинау, орталықтандырылып сақтау, өңдеу және көрсетуді қамтамасыз ететін географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ). Оның негізін ақпараттық деректер базасымен байланысты автоматтандырылған картографиялық жүйелер құрайды. ГАЖ мәліметтерге түгендеме жүргізу, талдау, бағалау және болжаудағы, өндірістік процестер мен қоршаған ортаның жағдайын басқарудағы маңызды міндеттерді шешуге арналған. ҚПО цифрлы технологиялар кен орнындағы ландшафттардың жағдайын, салыстырмалы талдау жүргізу кезінде оның ықпал ету аймағын, экспорттық құбырды, осы аумақтардағы кез келген ауытқушылықтарды немесе өзгерістерді қадағалауды, өсімдіктердің, көшеттердің шығымдылығын және қалпына келтіру процестерінің динамикасын ретроспективалық бағалау үшін табысты пайдаланылуда. Флора мен фаунаны мониторингтеу процесінде, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сирек немесе құрып біткен түрлерінің өмір сүретін жерінің картасын жасауда цифрлық әдістерді пайдалану аса маңызды. Цифрландыру мелиорациялық-орман жұмыстарын моделдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге экологиялық мониторингтің автоматты станцияларын анағұрлым дәл орналастыру үшін қажет. ArcGIS пайдаланған уақытта ҚПО қомақты деректер базасы жиналды, олармен жұмыс істеу үшін тиімді құралдар әзірленді. Кен орнының, құбырлардың және басқа да объектілердің топографиялық картасы жасалды, Қарашығанақ пен оған жақын орналасқан елдімекендер ғарыштан суретке түсірілді. ArcGIS пайдаланудың айқын артықшылығы апробацияланып дәлелденді. Аумақтарды дамыту және пайдалануды жоспарлау жөніндегі қызметті, соның ішінде кен орнының, мүліктік-жер кешеннің, экология және шұғыл әрекет ету қызметінің инфрақұрылымын жетілдіруге байланысты жұмысты орталықтандыру мүмкін болды. ҚПО осы кеңістіктік деректер негізінде далалық топ пен мердігерлердің орталық кеңселерімен тиімді өзара әрекеттесуі, компанияның жоспарлау, қабылданған шешімдерді орындау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етіледі. Бұл деректерді жариялау үшін, демек бақылаушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен жұртшылыққа анағұрлым қолжетімді болды. ГАЖ-технологияларын кеңінен танытып, геодеректермен жұмыс істейтін осы бір қарапайым және тиімді құралымен пайдаланушылардың көбірек тобын қамту үшін әзірленді және ҚПО CoGIS веб-порталы мен GIS мобильді қолданбасы енгізілді. Бұл кешен база деректерінің жұмысын жаңа деңгейге көтерді, осылайша, арнайы білімі мен дағдысы жоқ пайдаланушыларға қолжетімді болады. ҚПО ГАЖ мобильді қолданбасы деректер базасымен Интернет-қосылысы болмаған жағдайда да табысты пайдаланылады, бұл, әсіресе даладағы жұмыстар кезінде, яғни мобильдік GSM-желілерінің толтыру аймағынан тыс жерлерде ыңғайлы. CoGIS әзірлеушілерімен бірлесіп инновациялық шешімдерді енгізіп, «Оффлайн карталары» бөлімі бар жаңартылған қолданбаны алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар іске асырылды. ҚПО GIS қолданбасы карантин кезінде өте қажет болды, өйткені дала жұмыстары үшін кен орнына шығу және оларды интерактив карталары мен спутниктен түсірген суреттерді пайдалана отырып жүргізу санын азайтуға септігін тигізді. ArcGIS жүйесі қарқынды даму үстінде. Биылдың өзінде кәсіпорын объектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде деректерді қашықтан жіберу арқылы автоматтандырылған мониторингін енгізу жобасының әзірлемесі жоспарланып отыр.
Арман КУСАИНОВ