Түркістан облысында 23 жастағы қыз коронавирустан қайтыс болды
Түркістан облысында 23 жастағы қыз коронавирустан қайтыс болды
© REUTERS
205
оқылды
Түркістан облысында 1997 жылы туған қыз коронавирустан көз жұмды. Бұл дерек өткен аптада COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың тізіміне енген. Аурудан көз жұмғандар туралы ақпарат коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтері негізінде жасалды.
Коронавирустан қайтыс болған егде жастағы науқас 92-де болған. Ол - Қарағанды облысының тұрғыны.
Өткен аптада аурудан көз жұмғандардың арасында 80 жастан жоғары (1940 жылғы және одан жоғары) 18 науқас тіркелді. Оның ішінде 10 ер адам, 8 әйел бар. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістен облысының тұрғындары. Көз жұмған науқастардың көбі елордада тұрған: 3 ер адам, 4 әйел. 70-80 жас аралығындағы (1941-1950 жылы туғандар) 54 науқас қайтыс болған. Оның ішінде 25 ер адам, 29 әйел. Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда қайтыс болған: 17 ер адам, 19 әйел. 60-70 жас аралығындағы (1951-1960 жылы туғандар) 68 науқас аурудан көз жұмды. Оның ішінде 42 ер адам, 26 әйел бар. Қайтыс болған науқастардың көбі Нұр-Сұлтанда тұрған: 23 ер, 12 әйел, Түркістан облысында да 5 ер адамның, 2 әйелдің өлімі тіркелді. 50-60 жас аралығындағы (1961-1970 жылы туғандар) 38 науқас қайтыс болды. Оның ішінде 25 ер адам, 13 әйел бар. Қайтыс болғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтаннан: 11 ер адам, 10 әйел. Бір аптада 40-50 жас аралығындағы (1971-1980 жылы туғандар) 23 науқас аурудан көз жұмды. Оның ішінде 15 ер адам, 8 әйел бар. Қайтыс болған науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда тұрған: 8 ер адам, 4 әйел. Сондай-ақ, Алматы қаласы (4 ер адам), Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында көз жұмған науқастар бар. 30-40 жастағы (1981-1990 жылы туғандар) 5 науқас аурудан қайтыс болды. Оның ішінде бір ер адам және 4 әйел бар. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары. Аурудан көз жұмғандардын арасында жастар да бар. Олар 1991, 1997,  1996 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары, сондай-ақ 1994 жылы туған астаналық қыз да бар. 13-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирустан 210 адам қайтыс болды.