Жасотандықтар дәрігерлерді демеп, сала мамандарын серпілтті
Жасотандықтар дәрігерлерді демеп, сала мамандарын серпілтті
«Бәйткерек»  ықшамауданында орналасқан медициналық мекемеде бүгінгі күні 150 науқас емделіп жатыр десек, нұротандықтардың негізгі мақсаты – кеселмен күресіп жатқан мамандарға   жалғыз емес екендерін сездіру.    width=  width=
– Күндіз-түні кірпік ілмей науқастардың сырқаттан сауығып кетуіне барын салып  жатқан дәрігерлерді қиын кезеңде қалтарыста қалдыруға болмайды. Үй бетін көрмей, отбасынан жырақта жүріп, өзгенің өмірі үшін күресу – сөзсіз көзсіз ерлік. Осы ерліктерін естен шығармауымыз  керек. Біз денсаулық сақшыларының мүлтіксіз міндеті мен қызметіне қарыздармыз. Сондықтан бастарын бәйгегеге байлап жүрген жандардың да жанын жадыратып, бір сәтке болса да көңілін ауладық. Еңбектері ерен екенін еске салып, алғыс айттық. Қиналғандармен бірге қиналып, кеселдің кесірін күнделікті көріп жүрген де солар. Адам денсаулығы үшін күзетте тұрған медицина саласы мамандарына басымызды иеміз. Барымызбен бөлесеміз. Елдің тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Анттарыңызға адал болып, адам емдеуде күш-жігерлеріңіз сарқылмасын! – дейді «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев.
Жамбылдық «нұротандықтар» бұнымен тоқмейілсімейді. Алдағы уақытта тағы 4 аурухананы азық-түлік пен ауызсумен қамтымақ. Бұл орайда «Тәтті себет» сауда желісінің де тигізіп жатқан пайдасы орасан.    width=  width=  width= Ал партия өңірлік филиалының  өкілдері «Жақсылық жасау жолында жарысайық» деп өзгелерді де игі іске үндеуде.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы