Қарағанды облысында жедел жәрдем шақыру жағдайы соңғы аптада үш есе төмендеді
Қарағанды облысында жедел жәрдем шақыру жағдайы соңғы аптада үш есе төмендеді
© сурет интернеттен алынды
369
оқылды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек індеттен жазылғандар саны ауруханаға түсіп жатқан науқастардан көп екенін хабарлады. Өңірде науқастану көрсеткішінің деңгейі 2 пайыздан төмен.
«Соңғы екі аптадағы талдау жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта пациенттердің күнделікті шығарылуы ауруханаға жатқызу көрсеткішінен жоғары. Ауруханалардағы орын жүктемесі 50 пайызға дейін төмендеді. Мысалы екі апта бұрын бұл көрсеткіш - 80 пайыз болған еді. Жедел жәрдем шақыру жағдайы соңғы аптада үш есе төмендеді. Күз және қыс мезгіліне жан-жақты дайындық жүргізіліп жатыр. Ауруханалардағы орын саны 4486-ға дейін жеткізілді. Ауруханаларды заманауи медициналық құрылғылармен жарақтау жалғасуда. Пандемияның алғашқы айларында қолда бар 42 өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша 120 аппарат, 160 оттегі концентраторы сатып алынды. Қазіргі таңда тағы 90 өкпені жасанды желдету аппараты алынып жатыр. Оны осы аптада жеткізеді. Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1500 концентратор сатып алынды», - деді ол.