Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Арман Асенов тағайындалды.
Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген. Актер, продюсер.
2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.
1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.