Қазақстанда карантинді жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр
Қазақстанда карантинді жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр
© сурет интернеттен алынды
147
оқылды
Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Бізде тұрақты деңгей 1600-1700 адам деңгейінде (күніне тіркелетін науқастар саны) сақталып тұр. Бұл жақсы көрсеткіш. Әзірге бірдеңе деп болжау қиын. Алайда біз жағдай жақсарады деген үміттеміз. Жалпы біздің бұған дейінгі болжамымыз пессимистік сипатта болды. Диманика бар. Ары қарайғы ахуал не болар деген сұрақ біз үшін маңызды. Қазір ары қарай не істейміз деген сұрақ төңірегінде жоспар құрып жатырмыз. Карантинді қалай әлсіретеміз, жағдайды ұстап тұру үшін не істеу керектігін зерделеп жатырмыз», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандар мен ауруға шалдыққандар саны азайғанын хабарлаған болатын.