Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда бубон обасының таралу қаупіне қатысты ойын айтты.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда обаның табиғи ошақтары бар.
«Бүкіл елдегі обаға қарсы санитарлық қызметтер санитарлық алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бақылауында ұстап отыр. Ал Моңғолиядан бубон обасын қазақстандықтардың жұқтыру ықтималдығы төмен. Тек обаның өкпе формасын жұқтырған немесе оның ауыр формасымен ауырған адам біздің елге келмеуі керек», - деді Ажар Ғиният.
Шілденің ортасында Моңғолияда бубон обасының таралуына байланысты карантин енгізілген болатын.