Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният карантин кезінде емханада екпе салдыруға болатынын хабарлады.
"Төтенше жағдай кезінде екпе салу сияқты алдын алу шараларының бәрі кейінге шегерілген болатын. Бүгінде балаларға профилактикалық екпе салынып жатыр. Бірақ денсаулық сақтау басқармаларының ақпараты бойынша ата-аналардың көбісі коронавирус жұқтырып алудан қорқады. Сол себепті екпе алуға келмейді. Бүгінде барлық емханада профилактикалық екпе салуға рұқсат бар", - деп атап өтті Ғинаят орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, емханаларда арнайы екпе салу кабинеттері жасақталған. Барлық санитарлық шара сақталады.
"Екпенің бәрі бар. Оны әкеліп қойды. Осы саладағы жұмыс атқарылып жатыр. Сондықтан дәрігерлер бәріне екпе салып үлгереді деп ойлаймын", - деді Цой.