Полиция дерегіне сүйенсек, 54 жастағы күдікті азамат өз кінәсін мойындаған. Ол түнгі уақытта мас күйінде жекеменшік үйге кіріп кеткен. Себебі ол алдын ала үйдің иесі жоқ екенін біліп алған.
«Полиэтилен пакетке 8 мың теңгеге азық-түлік жинап алған ол қылмыс жасау кезінде ұйықтап кеткен. Таңертең үйден ұрлаған заттарымен шыққан бойда ұсталып, Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді» делінген хабарламада. Ер адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталыпты.
ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің айтуынша, аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі 3-тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тіркелген. Бүгіндері ұйқышыл ұрыға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.