«Nur Otan» партиясы қоғамдық орындарға тексеріс жүргізіп, қорғаныс құралдарын таратты
«Nur Otan» партиясы қоғамдық орындарға тексеріс жүргізіп, қорғаныс құралдарын таратты
283
оқылды
«Nur Otan» партиясының мүшелері бас қаладағы қоғамдық орындарға тағы да рейд жүргізді. Мониторингтің басты мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтарының санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау. Рейд жүргізуге «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері, белсенді партиялықтар және БАҚ өкілдері атсалысты.  width=
«Партиялықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданына үнемі тексеріс жүргізіп тұрады. Бұл бір рет қана атқарылатын акция емес. Карантин енгізілген кезден бастап қоғамдық орындарды қадағалап келеміз. Біздің бұл жұмысымыз коронавирус инфекциясымыз күреске септігін тигізеді деген үміттеміз. Рейд жұмысына құқық қорғау органдары қызметкерлерін қатыстырмаймыз. Біздің мақсатымыз – жазалау емес, адамдарға жағдайды түсіндіру және көмектесу» , – дейді Есіл аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мархат Касымов.  width=
Тексеріс барысында 150-ден астам қорғаныс маскасы және аурудың алдын алуға қатысты ескертпелер жазылған кітапшалар таратылды.  width=