Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын жауады
Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын жауады
Фото: platon.asia
233
оқылды
23-25 шілде аралығында Қазақстанда күн суытып, нөсер жауын жауады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді.
Сондай-ақ  Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды: 23 шілдеде күн күркіреп, бұрқасын болады, солтүстік-шығыс және шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.