Акцияның мақсаты – пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі күннің батырларына айналған медицинна қызметкерлеріне алғыс білдіру.

«Көмек көрсетіп жатқандардың бәріне рақмет айтамыз. Әкімдік, еріктілер тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе, оттегі аппаратын алуға қаражат жинап, кейін қайырымдылық эстафетасына ұластырып жіберген махамбеттік белсенді жастар Бұлан мен Айданаға көп рақмет. Олардың бастамасымен бүгінгі күні ауруханамызға қажетті аппараттар, қорғаныш киімдері келді. Кәсіпкерлер де қол ұшын созудан аянып қалған жоқ. Баршасына мың алғыс», – дейді дәрігер-эпидемиолог Гүлмира Жылқыбаева.