Әкімдермен өткен кеңес
Әкімдермен өткен кеңес
239
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада және облыс­тардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде нақты міндет жүктеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. – Ел экономикасын дамытудың негізгі міндеті – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ішкі тұрақ­ты­лықты сақтау. Сондықтан бәріміз мемлекет мүддесі жо­лында еңбек етуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті биылғы жыл қоғамдық-саяси оқи­ғаларға толы болатынын атап өтті. Оның пікірінше, ме­рейтойларға арналған іс-шараның барлығы іскерлік және атаулы сипат алуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылын сапалы өткі­зудің маңызына назар аударып, әкімдерге мұның министрліктің немесе Үкімет деңгейінде өткізілетін ке­зек­ті бір акция емес, еліміздің барлық аймағындағы аза­маттардың басым бөлігін қамтитын жүйелі жұмыс еке­нін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге тұрғындардың қауіп­сіздігін сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырып, төтенше жағ­дай­лар­дан сақтанудың маңызын атап өтті. Сөзінің соңында өңірлерді дамыту және әлеуметтік мә­се­лелерді шешу әкімдерге жүктелген маңызды мін­дет еке­нін айтты. Кеңестен кейін Мемлекет бас­шы­сы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақ­сақаловты, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Са­ғынтаевты, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Ора­залинді, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты, Түр­кістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті, Пав­лодар облысының әкімі Әбіл­қайыр Сқақовты жә­не Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қа­был­дады. Мемлекет басшысы әр әкімге өз өңірлері бойынша бір­қатар нақты тапсырма берді.