Кейбір жерлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Түркістан, Қызылорда облыстарының бірқатар өңірінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады. Қызылорда облысында жел күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының бірқатар өңірінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метр болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Күндіз Алматы облысында, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.