Тамызда басталатын коронавирустың үшінші толқыны балаларға қауіп төндіреді деген қауесет тарады
Тамызда басталатын коронавирустың үшінші толқыны балаларға қауіп төндіреді деген қауесет тарады
© сурет интернеттен алынды
216
оқылды
Мессенджерлерде белгісіз әйел қазақстандықтарға коронавирустың үшінші толқыны туралы ескеру жасады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, тамызда басталатын коронавирустың үшінші толқыны балаларға қауіп төндіреді.
"Алматы және Алматы облысында балалардың өкпесінің ауру дерегі көбейіп кетті. Дәрігерлер мұны коронавирустың үшінші толқынымен байланыстырып отыр. Сондықтан барлық жас анаға ескерткім келеді. Балаларыңызды қорғаңыздар. Оларға балмұздақ және суық су бермеңіздер. Суық жерге бармаңыздар. Мен сіздерге ескертемін! Балалардың өкпесі ауырады, іші өтеді. Оңтүстікте көптеген бала өліп жатыр. Вирус ауада жүр. Сондықтан ауылдастар, іштің ауырғанын басатын дәрі мен антибиотик сатып алыңыздар", - деп ескертті ол.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты мынадай түсінік берді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, мәліметті кім таратқанын анықтау үшін ақпарат Туркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, ішкі істер органдарына жіберілді. Сіздерден әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер. Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің  274 бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін", - дейді комитет қызметкерлері.