Алакөлдік кәсіпкерлер емдеу мекемелеріндегі науқастардың өмірін сақтап қалуға атсалысып жатыр
Алакөлдік кәсіпкерлер емдеу мекемелеріндегі науқастардың өмірін сақтап қалуға атсалысып жатыр
170
оқылды
Елімізде орын алған жағдайға байланысты алакөлдік кәсіпкерлер мен жаны жомарт тұрғындар ауданымызда орналасқан емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартуда. Сол арқылы жерлестерінің өмірін сақтап қалуға барынша атсалысып жатыр. Осы ретте індетке шалдыққан науқастардың еміне шипа болар деген сеніммен қолдау көрсетіп, 11 оттегі концентраторын табыс етті.Қолдау білдірген азаматтар «Алакөл ауданының құрметті азаматы», еңбек ардагері Сапарғали Абдинов, 1 концентратор, Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ардақты ана, зейнеткер Күлсім Жақанбаева 1 концентратор, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ 3 концентратор, «Жазылбеков и К» компаниясының өкілі  Айдар Жазылбеков  2 концентратор, «Бағалы - Алакөл» ЖШС өкілі Дәурен Слямұлы  1 концентратор, жеке кәсіпкер  Қанат Қабылқанұлы 1 концентратор және Қызылащы ауылының тұрғындары 1 концентратор алған. Аппараттар аудандық орталық аурухана, Достық ауылдық ауруханасындағы және Әскери лазаретте жатқан науқастарды емдеу үшін пайдалануға берілді.  width= Сондай-ақ ауданда орналасқан «Мерей-Әсем» ЖШС басшысы С.Қарабеков те өкпедегі қанайналым жүйесін өлшейтін (Сатурация) 50 дана Pulse Oximeter аппаратын аудандық орталық ауруханаға табыстады. Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев осындай қиын-қыстау кезеңде халықтың жанашары болып, береке мен бірлігімізді көрсетіп, жақсылық істеп жарысқан  азаматтарға өзінің және аудан тұрғындарының атынан алғыс білдірді.

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы