«Nur Otan» партиясы мүшесі концентратор сыйлады
«Nur Otan» партиясы мүшесі концентратор сыйлады
291
оқылды
Бүгін «Nur Otan» партиясы мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына V8-WN-NS отегі концентраторын сыйлады. Бұл концентратор COVID-19 инфекциялық ауруымен қатар демікпе, сондай-ақ жүрек жетіспеушілігі сияқты қатерлі ауруларда қолданылады. Тұрақты ем қабылдау гипоксияны қалпына келтіреді, нәтижесінде ентігуді азайтып, жүрек пен өкпенің ғана емес, бүйрек пен бауырдың да жұмысын реттейді.  Аппарат екі адамға арналған.
«Біздің Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына көмек көрсетіп жатқан барша жанға, әсіресе, «Nur Otan» партиясы мүшесі, Алматы қалалық мәслихаты депутаты Ерболат Қасымовқа екі адамға арналған концентраторды ұсынып, дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Тек бірге болғанда ғана біз бұл вирусты жеңіп, бір-бірімізге көмек көрсете аламыз деп ойлаймын», - деді Қалалық балалар аурухананың бас дәрігері Ержан Сералин.
«Бүгін ИВЛ аппараттары және соның концентраторына сұраныс жоғары. Көптеген адамдар ауруға шалдығып отыр, егер де көмектесуге мүмкіндік болса барлығыңызды шетте қалмауға шақырамын» деді Ерболат Қасымов.    width= Сонымен қатар Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин көпшілікті маскалық режим мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырды.