Оның айтуынша, жуырда Президент жастар кадр резервінің қатысушыларымен жаңа оқыту бағдарламасы іске қосылады.
Айта кетейік, Президент жастар кадр резервін құру – Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі бастамаларының бірі. Мемлекет басшысы бұл бастаманы өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында дарынды жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру шараларының бірі ретінде жариялаған болатын. Былтыр күзде конкурс жарияланып, еліміздің 13 аймағынан 13 мыңға тарта қазақстандық өтінім берген. Іріктеу 4 ай жүргізіліп, 300 адам резервке қабылданды.
«Осы жылдың 15 ақпанында бағдарлама қатысушыларымен Президенттің өзі кездесті. Мемлекет басшысы резервтегілермен кездесу барысында «Елдегі ең ауқымды трансформациялар нақты саладағы, қала немесе ауылдағы аздаған өзгерістерден басталады. Иеленген позициясына қарамастан, әркім өз орнында отырып, жаңғырту процесіне үлесін қосуы керек» деп атап өткен еді. Сонымен қатар Президент бұл бағдарламаның басты мақсаты – лауазымға жайғастыру емес екенін, оның басты мақсаты – жас мамандарға өз дарынын, әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беру екенін ескертті», – деген Президент кеңесшісі резеврке ену фактісі – мемлекеттік лауазымға тағайындалу кепілдігін бермейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, Жастар резерві бойынша ұлттық комиссия қандай да бос лауазымға үміткердің кәсіби құзыретін есепке ала отырып ұсына алды. Ал бүгінгі таңда жоғарыда айтқанымыздай, кадр резервіндегі 150 жас қызметке тағайындалған.