Жетісу тамақ өнеркәсібінде көш бастады
Жетісу тамақ өнеркәсібінде көш бастады
447
оқылды
Иә, Алматы облысында азық-түлік өндірісінің көлемі айтар­лықтай артып отыр. Былтырғымен салыстырғанда, өсім 35,6 пайызды көрсетті. Бұл биыл қаңтар мен мамыр айында Жетісуда 110,3 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін көрсетеді. Үздік үштікті бастаған Алматы облысынан кейінгі екінші орынға – Алматы қаласы (95 млрд теңге), ал үшінші орынға Қоста­най облысы (94,2 млрд теңге) жайғасты. Азық-түлік өндірісінің жар­ты­сынан астамы азық-түліктің не­гізгі үш түрінен. Соның ішінде ұн-жарма, крахмал мен крахмал өнімдері жалпы өнімнің бестен бірін, яғни 20 пайызын құраса (148,3 млрд теңге), ет өнімдері өн­дірісі, етті консервілеу мен қай­та өңдеу 17,4 пайыздан сәл төмен (129 млрд теңге) болып отыр. Ал ең көп өндірілген өнім­дер үштігін өндірістің 17,1 пайы­зын құраған сүт өнімдері өндірісі қорытын­дылайды (126,8 млрд теңге).  

Болат АБАҒАН,  Алматы облысы