Сәтбаевтағы оқиға: Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық іс қозғалғанын айтты
Сәтбаевтағы оқиға: Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық іс қозғалғанын айтты
Фото: Интернеттен алынды
5,213
оқылды
«23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. «Жас қызды зорлады» деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етті, жанжал шығарды», – деді. Министрдің айтуынша олар бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытқан.
«Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», – деді министр.
Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев халықты сабырға шақырды. «Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді ол.