Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
193
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қиын-қыстау кезеңде бір-бірін қолдағанын шынайы бауырластық қатынастардың үлгісі ретінде атап өтіп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Әңгімелесу соңында тараптар аймақтағы эпидемиологиялық ахуал жайында ақпарат алмасып, COVID-19 індетімен және оның салдарымен күрестегі іс-қимылдарды жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.