Белгілі блогер Бурабайдың белгісіз жағын көрсетті
Белгілі блогер Бурабайдың белгісіз жағын көрсетті
© сурет интернеттен алынды
267
оқылды
Белгілі блогер Яков Федоров Бурабайдағы жабайы қоқыс қалдықтарын суретке түсіріп, аумақта заңдастырылған қоқыс полигонының жоқтығын айтты.
"Бурабайдың бүгін белгісіз жағын көрдім. Осыдан кейін оны "қазақстандық Швецария" деп атау қиын. Ауылдық округтің аумағында заңдастырылған бірде-бір қоқыс полигоны жоқ. Сондықтан ұлттық парктің күзетілетін аумағында жабайы, заңсыз қоқыстар пайда болады", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін ол Көбейтұз көлінің жайын қозғаған болатын.