«Төрт ай бойы дертпен күресіп келеміз» дейді бүгінгі күннің батырлары
«Төрт ай бойы дертпен күресіп келеміз» дейді бүгінгі күннің батырлары
 

«Үйдің тамағын сағындық»

«Қазір еліміздің әр аймағы қиын жағдайда отыр. Бүгінгі ахуал толығымен жақсарды деп айтуға келмейді. Бірақ күрт өсімді тоқтата алдық. Оның өзі үлкен жетістік. Қазір біз науқастарды хал-жағдайы мүшкіл не ауыр деп бөліп жармаймыз, бәріне бірдей қараймыз. Елдегі дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі елдің арасында дүрбелең туғызып еді. Мемлекет талабының арқасында бәрі орнына келді. Дәрі-дәрмек жеткілікті, дерттен сауығып, дәрігерлерге ризашылығын біл­діргендердің саны артып келеді. Негізі бүгінгі күннің батырлары – реаниматологтар. Емделушілер толыққанды жазылмайынша, реаниматологтар ешқайда жі­бермейді. Тіпті, қазір өзімізге бірдеңе керек болса, солардың көмегіне жүгінетін болдық. Сондай-ақ дәрігерлерге қолұшын созған  Kaspi.kz  компаниясына да алғысымыз шексіз. Олар медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастыру мен жеткізу жағынан көмектесуде», –  дейді  «Атамекен» реабилитациялық орталығының басшысы Индира Жапарбекқызы. Дәрігерлердің арасында төрт ай бойы үй-жайын көрмегендері де бар. «4 ай аз уақыт емес. От­басымызды, үйдің тамағын са­ғын­дық. Коронавирусты  ауыз­дықтаған соң, Алла бұйыртса, үйге­ қайтармыз. Әзірге бейне­байланыс, телефон арқылы мау­қымызды ба­сып жатырмыз», – дейді дәрі­герлер.  

«Көмек көрсеткендерге алғысымыз шексіз»

Коронавирус дерті тарала бастағанына да төрт айдан асты. Тіпті, осыдан үш-төрт апта бұрын дерт үдеп кеткен еді. Науқастардың да саны күрт артқан. Негізгі салмақ жедел жәрдем қызметкерлеріне түсті. Бір күнде шақырту 2 000-2 500-ге дейін барды. «Біздің станса – Шымкент қаласындағы ең үлкен мекеменің бірі. Мұнда қызметкерлер де өте көп. Бір тәулікте 400 адам жұмыс істейді. Әр үш күн сайын ауысып отырады. Сол үш тәулікте 400 адамнан ауысып отырады. Қызметкерлердің демалуға мұршасы болған жоқ. Күндіз-түні аяғынан тік тұрып, жүгіріп жүріп, қызмет көрсетті. Тіпті, олардың тамақтануға да уақыты болмады. Жанұшырып, науқастарды сақтап қалу үшін жанталасты. Демалысқа шыққан күндердің өзінде қыз­меткерлер үйіне барған жоқ», – дейді Шымкент қаласы жедел жәрдем стансасы бас дәрі­герінің орынбасары Шолпан Қабылқызы. Оның айтуынша, қызмет керлердің қай-қайсысының да ағайын-тумасы, туыс-жекжаты бар. «Осынау бір сын сағатта бізге ғана емес, бүкіл медицина қыз­меткерлеріне салмақ түскені рас. Осындай қиын сәттерде бізге көмек қолын созғандарға алғысымыз шексіз. Олардың қатарында Kaspi.kz те бар. Себебі, адам уақытылы әрі құнарлы тамақ ішпесе,  иммунитеті әлсірейді. Дәрігерлер де адам, олар да толыққанды тамақтануы керек. Бұл компания күніне екі рет ыстық тамақ ұйымдастырып, жеткізіп, көмектесіп отыр», –  дейді ол. Қазір ахуал тұрақтала баста­ғандай. Жедел жәрдемге  түсетін шақыртулар да 1 700-1 500-ге түсіп, азайған. Науқастың бәрі уақытында көмегін алып, ауруханаларда орындар да босап жатыр. Ұйқы көрмеген күндер де  артта қалғандай.  

«Соңғы деміміз қалғанша, әр науқас үшін күресеміз»

Алматы қаласындағы Пси­хикалық сауықтыру орталығының екеуі де провизорлық орталық ретінде жұмыс істейді. Мақатаев көшесінде орналасқан про­ви­зорлық орталықта жатын орын 190 болса, Ә.Кекілбаев  көшесіндегі орталықта – 170. Әр провизорлық орталықта 200-дей адам жұмыс істейді. Ондағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлері үйлеріне бармай, жатақхана мен қонақүйлерде тұрып жатыр. – Науқастардың өздері «қор­ғаныс киімсіз ыстықтан өліп қала жаздаймыз, сіздер қалай шыдайсыздар? Оған қоса, оны тәулік бойы шешпей, ауа өткіз­бестен қалай жүресіздер?» деп сұрап жатады. Бұл маман­дары­мыздың өз ісіне адалдығы ғой. Тіпті, өткенде Мәскеуден келген әріптестер мамандарымыздың ұнжырғасы түспей, сағы сынба­ғанына таңданып қалды. «Олар­дың жанарынан «соңғы деміміз қалғанға дейін еліміздегі әрбір науқас үшін күресеміз» деген отты көрдік», – деді. Ондай сөзді естіп, мен де марқайып қалдым. Шыны керек, әйтпесе, «шаршап жүрміз» деп айтатын шығар деп ойлағанмын. Осы сөздерімен мені бір марқайтып тастады. Жұмыстың ауыр-жеңілі болмайды. Бұл әрі мамандыққа  деген адалдық. Дәрі­герлеріміз тынымсыз еңбектен қалжырауы мүмкін, бірақ олардың көңілінде «шаршадым» деген сөз жоқ. Алла соларға күш-қуат берсін,  – дейді Психикалық сауықтыру ор­та­лығының бас дәрігері Сапар Құттыбайұлы. 5 наурыздан бастап жұмыс істеп жатқан орталық осы ара­лықта 1 500-ден аса адамды емдеп шыққан. Жазылып шыққан науқастар дәрігерлерге  алғысын айтып, батасын жаудыруда. Соның бірі – 80-ге келген әжей. «Осыдан екі апта бұрын 1933 жылғы әже ауыр жағдаймен бізге келіп түсті. Әженің өкпесі қабынып, пневмония болған. Сол әжені кеше үйіне шығарып салдық. Бәрімізге ақ батасын берді. Алла қабыл етсін! Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын! Дертпен күрес әлі тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр. Сондықтан ұнжырғамызды түсірмеуіміз қажет. Қазір орталық қажетті барлық дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықпен қамтамасыз етілген», – дейді бас дәрігер.