Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды
Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды
©Сурет интернеттен алынды
175
оқылды
 Бұл жайында қалалық прокуратураға хабарлады. 
"23 шілдеде қалалық прокуратура экономикалық тергеу департаментімен бірігіп, дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехты анықтады. Жедел іздестіру шарасы барысында дәрілердің сыртын орауға арналған материалдарды өндіретін баспахана, заңсыз өндірілген өнімді сақтауға арналған қойма әрі жасырын цех анықталды", - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, құқық қорғау органдары заңсыз жасалған 100 тонна дәріні тәркілеген. Күдіктілер бұл дәрі-дәрмекті "Ротацеф", "Солкосерил", "Регидрон оптим", "Кальций-Д3 Никомед", "Цефамед", "Цераксон", "Цефтазидим" деген атаумен сатпақшы болған. Осылайша, құқық қорғау органдары елдегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы сапасы күмән тудыратын дәрі-дәрмекті сату әрекетін тоқтатты. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.