"Үшінші және төртіншісі болады" - ғалымдар коронавирус толқыны туралы
"Үшінші және төртіншісі болады" - ғалымдар коронавирус толқыны туралы
© Reuters
213
оқылды
Таяуда әлеуметтік желіде, мессенджерлерде Қазақстанда коронавирустың үшінші толқыны болатыны, ол балалар арасында қатты тарайтыны туралы ақпарат шықты. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа бірден түсініктеме беріп, желіде тараған мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды. Алайда бүгінде көптеген елде коронавирустың екінші толқыны болып жатқаны белгілі. Желіде әлі үшінші толқын болуы мүмкін деген ақпар бар.  Америкалық дәрігер Чад Крилич коронавирус инфекциясының жаңа толқыны келе жатқанын айтады. Маман егер билік пен адамдар қажет шараны сақтамаса, науқастардың саны көбеймесе, азаймайды деген ойда. Оның айтуынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны елде мамырдан бастап шектеу шарасы жеңілдей бастағаннан кейін көбейе бастаған. Ал ресейлік маман Александр Мясников Вести.Ru порталына жануардан адамға жұққан коронавирус қауіпті екенін, бірақ вирус адамға тараған сайын әлсірей бастайтынын айтқан. Себебі, дәрігердің айтуынша, маусымда тараған инфекция қаңтарда тараған вирусқа қарағанда әлдеқайда әлсіреген. Алайда жыл соңына дейін COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны миллионға жетуі мүмкін. Айта кетейік, бүгінде дүние жүзінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 636 мыңнан асқан. Германиядағы Роберт Кох атындағы институт сәуірде коронавирус пандемиясының бірден үш толқыны болатынын ескерткен. Еске салайық, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 15,6 миллионнан асты. Оның ішінде 9,5 миллион адам аурудан айықса, жалпы 636 мыңнан аса адам қайтыс болған