2019 жылдың аяғында Қазақстандағы құқық қорғау органдарында 1500-ге жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы тіркелді. Мұндай статистиканы «Хабар 24» телеарнасы ұсынды.
Қазіргі уақытта республиканың түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстары үшін 1600-ге адам жазасын өтеуде.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бірнеше жыл бұрын педофилдер туралы электрондық деректер картасын ұсынған болатын. Олар жөнінде толық ақпаратты infopublic.pravstat.kz арнайы сайтында табуға болады.