Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Шорнақ қаласында заңға қайшы әрекеттерге шақырған төрт адамның ұсталғанын мәлімдеді.
"Кеше Өмірзақ Шөкеев Шорнақ тұрғындарына уәде еткендей, полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде адамдарды заңға қарсы әрекеттерге шақырған алты арандатушының төртеуін тапты. Қалғандарын анықтау және іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Қалқаманов Facebook-те.
Айта кетейік, мұның алдында Шорнақ аулына жақын жерде 80-нен астам адам ұсталғаны белгілі болған.
Еске салайық, осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған. Тәртіп сақшылары қақтығыстың тууына 21 шілде Шорнақ аулындағы тұрғындарының жанжалдасуы себеп болғанын айтты.