Мәдениет бөлімінің түсіндіруінше, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы иелігіндегі «Еңлік-Кебек» кинотеатры 2004 жылы «Мунира» ЖШС-не 15 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген.
Өткен жылдың желтоқсан айында сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталған. ЖШС шартты ұзартуға ниет білдірмепті. ШҚО әкімдігінің 2017 жылдың 15 наурыздағы №65 қаулысына сәйкес, кинотеатрды тарату туралы шешім қабылданды. ҚазАқпараттың жазуынша, Қазір ҚР Азаматтық кодексінің 50-бабына сәйкес, кинотеатрды тарату жұмысы жүріп жатыр. Ақпарат орталығы өкілдерінің сөзінше, Еңлік-Кебек» орналасқан ғимарат облыстық коммуналдық меншік иелігінде. Әзірге кинотеатр ғимаратының кімге берілетіні белгісіз.