Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген күдікпен алғашқы адам тіркелді
Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген күдікпен алғашқы адам тіркелді
фото: ашық дереккөз
225
оқылды
КХДР Каэсонг қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен алғашқы адам тіркелгенін хабарлады.   Ол Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы әскери-демаркациялық сызықты заңсыз кесіп өтіп, елге оралған, деп хабарлайды РИА Новости. Мамандар аталған азаматтан алынған сынақтың белгісіз нәтиже көрсеткенін айтады. Қазіргі уақытта қатаң карантинге жатқызылып, жергілікті билік онымен байланысқандарды анықтап жатыр. Осыған орай КХДР басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен Корей жұмысшы партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының жедел жиналыс өтіп, оның шешімімен Каэсонг толық жабылды. Қаланың аудандары бір-бірінен оқшауланып, төтенше жағдай режимі енгізілді. Егер бұл расталса, Солтүстік Кореяда коронавирус инфекциясымен ауырған бірінші адам болмақ.