Тайлер Блоттер есімді қазақ баласы Қазақстанда балалар үйінде болып, оны кейін американдық отбасы асырап алған.
Тайлер анасының тегімен аттас әр адамды іздеп жеке хат жолдаған, сөйтіп өзінің туған ата-анасын Facebook арқылы тапқан.
«Тайлер Блоттер Қазақстаннан бала кезінде асырап алынған және ағалары мен апалы-сіңлілерімен байланысын жоғалтқан. Оған Ерқанат Тасыбаев көмектесті, ол Талғаттың (Тайлер Блоттер) отбасын Павлодардан бірнеше сағаттың ішінде тауып алды», - делінген Қазақстан-Американдық қауымдастығының ақпаратында.
АҚШ-тың Мичиган штатында өскен жігіттің айтуынша асырап алған отбасы оған көп нәрсе үйреткен. Бірақ мектепте ата-анасына ұқсамайтынын айтып қорлау оқиғалары жиі болған айтады.