Дәрі-дәрмекті қолжетімді болады
Дәрі-дәрмекті қолжетімді болады
Фото: Интернеттен алынды
249
оқылды
Министрліктің хабарлауынша, препараттарды жоспарлау және сатып алу үшін барлық негізгі рәсімдер жеңілдетілді: дәрі-дәрмекті сертификаттау мерзімі қысқартылды және процедуралар 1 айдан 3 күнге дейін жеңілдетілді, бір жолғы әкелуге рұқсат бір тәулік ішінде берілетін болды. Ал COVID-19 емдеуге арналған жаңа препараттарды тіркеу процедурасы 6 айдан 2 айға дейін қысқарды. Сонымен бірге, Ресей мен Үндістанға жасалған 6 әуе рейсі арқылы дәріханалардың бөлшек сауда желісі 4 миллион қаптама дәрімен қамтылды. Олардың қатарында-вирусқа қарсы және ыстықты төмендететін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер және басқа да қажетті заттар бар. Дәрі-дәрмектер өңірлердегі дәріханаларға біркелкі бөлінеді. Дәрі-дәрмек қажеттілігін өтеу үшін мұндай шаралар үнемі ұйымдастырылатын болады. Барлық өңірлерде дәрі-дәрмекпен қамту үшін арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды. Оның ішінде, Алматы қаласы – 5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 1,2 млрд теңге, Шымкент – 180 млн теңге, Ақтөбе облысы – 500 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында 250 млн теңге қор бар.