Пандемия кезінде елдегі медициналық мекеме қызметкерлері COVID-19-бен күреске жаппай жұмылдырылған еді.
Сол кезде дәрігерлер халықты жаппай қабылдауды уақытша тоқтатты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ең алдымен республикалық клиникалардың жұмысы жанданады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бастапқыда ауруханалардағы профильді және жоспарлы орындар 50 пайыз қызмет көрсететін болады.
Дәрігерлерге келетін азаматтар үшін медициналық мекемелер дезинфекциялық тазалаудан өтеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады.