Медсақтандыру қоры өте ауыр халдегі бір науқасты емдеуге 1,7 млн теңге төлейтін болды
Медсақтандыру қоры өте ауыр халдегі бір науқасты емдеуге 1,7 млн теңге төлейтін болды
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирус инфекциясын емдеуге арналған тариф әзірленгенін жариялады.  «Қазір қосымша 110 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде қосымша 140 млрд теңге бөлінеді», – деді Болат Төкежанов.  inbusiness.kz жазуынша, бұл есептеулер коронавирус пен пневмонияға қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты нақтыланады.  "Коронавирус инфекциясымен жеңіл деңгейде ауырған бір науқасты емдеуге – 292 600, орташа деңгейде ауырған науқасқа – 446 100,  ауыр деңгейде ауырған науқасқа – 1,5 млн теңге. Өте ауыр халдегі бір науқасты емдеу үшін қор 1,7 млн теңге төлейді», – деді Болат Төкежанов.