Жалған құжатпен жүргендер кім?
Жалған құжатпен жүргендер кім?
297
оқылды

Жетісай аудандағы 7 011 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Қазіргі кезде 700 отбасы құжатына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 141 адамның жалған құжат өткізгені белгілі болды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Жетісай аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұйымдастырылған шара барысында айтылды.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Nur Otan партиясы Жеті­сай аудандық филиалының Қоғамдық қа­былдау бөлмесінде азаматтардың талап-ті­лек­тері мен арыз-өтініштеріне байланысты ау­данның жауапты азаматтарымен мәжіліс өткізді.

Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жа­мантай Бейсенбаев, филиал төрағасының бірін­ші орынбасары, аудандық мәслихат хат­шысы мен депутаттар, белсенді аза­мат­тар қатысты. Мәжіліс барысында ауданның әлеу­меттік-экономикалық бағытында ат­қарылып жатқан жұмыстар талқыланып, өзек­ті болып отырған атаулы әлеуметтік кө­мек мәселесі де сөз болды.

Жетісай аудандық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас­шысы Әділхан Әбжановтың мәлі­метін­ше, бұл бағытқа жалпы 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Әкімдік қызмет­кер­лері­нің мәліметіне сәйкес, тағы да атаулы әлеуметтік көмек алу үшін Жетісайда 1 000 от­басы, Мақтааралда 500 отбасы құжат өт­кі­зіп, күтіп отыр. Бұл көрсеткіш был­тыр­ғы­мен салыстырғанда екі есеге өскен. Десе де, атаулы әлеуметтік көмек бойынша ау­дан­да арыз-шағым көбейіпті. Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізерде делдалдар қызметін ұсынып, белгілі бір сома сұрағанын айтып шағымданды. Ал ми­нистрліктің мәліметінше, Жетісай ау­данында қазір 700 отбасы құжатына зер­делеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нә­тижесінде 141 адамның жалған құжат өткізгені анықталды. Мұндай деректер еселеп өседі деп күтілуде. Сондай-ақ соңғы 7 айда ауданда 270 отбасы ажырасқан. Бұл да атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін жасалған әрекеттер болуы мүмкін.

Осы орайда, Nur Otan партиясы Түр­кі­стан облыстық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары атаулы әлеуметтік көмек айналасындағы заңсыздықтарға тоқталды.

– Халық мемлекет тағайындаған заңды ақ­шасын алу үшін де делдалдарға жем бо­лып отыр. Әлеуметтік көмек нағыз мұқтаж жан­дарға жетуі тиіс. Бұл келеңсіздікті тоқ­тату қажет. Ажырасу көрсеткішінің ауылды жер­лерде күрт өсуі де – қазақ халқы үшін үл­кен қасірет. Біз отбасы институтын жетіл­діруіміз керек. Отбасында береке орнамаса, елде береке болмайды. Партия атаулы әлеу­м­еттік көмектің айналасында қалып­тасқан олқылықтарды жою жолдарын қарастырып, тиімді шешімге жұмыс істейтін болады, – деді Б.Тәжібаев.

Жетісай ауданынан кейін Мақтаарал ауданына ат басын тіреген Бейсен Тәжібаев партиялас әріптестермен бұл аудандағы да АӘК-тің айналасында қордаланып қалған күрмеуі қиын мәселелерді талқылады. Мә­жі­лісте баяндама жасаған Мақтаарал ау­даны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса ауданда жалпы 6 453 отбасы 1,5 млрд теңге­ден астам әлеуметтік көмек алып отырғанын мәлімдеді.

Жалпы саны 600-ден астам отбасына зер­делеу жұмыстарын жүргізілген. Әзірге бел­гілі болғандай, атаулы әлеуметтік кө­мек­ті 101 отбасы артық алса, 5 отбасы заң­сыз ием­денген. 175 отбасының құжаты заң та­лап­тарына сәйкес келмегендіктен, кері қай­тарылған. Сондай-ақ, «Е-халық» ақ­па­рат жүйесіне енбеген отбасылар, заңды ажы­расса да бірге тұрып жатқан, табысын жа­­сырған 2 406 отбасының төлемі қайта есе­п­­телгенін жеткізді.

Партия филиалы әлеуметтік көмектің төңі­регінде орын алған заңсыздықтар бойын­ша талдау жасап, жауапты мемле­кеттік органдармен шешу жолдарын қарас­тыра­тын болады. Сондай-ақ xалықтың ортасында қажетті түсіндіру және құқықтық көмек көрсету жұмыстарын күшейту тап­сырылды.

Мәжілістен соң Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев ауданның тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Келес, Сарыағаш аудандарындағы партия фи­лиалдарының жұмысымен жіті танысты.

 

Түркістан облысы