Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді полицейлер құтқарып қалды
Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді полицейлер құтқарып қалды
184
оқылды
Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен көлге секірген бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Қапшағай қаласы Полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары Асхат Дабылдаев пен Айбек Нұрмекенов бір қыздың көпірден секірмек болып жатқаны туралы хабар алған.
«Әріптесім екеуміз бес минут ішінде оқиға орнына жеттік. Ақпарат расталды: парапеттің артында қыз тұрды. Әңгімеге тартып көріп едік, еш жауап қатпады. Бір сәтте қыз суға секірді. Менің әріптесім лейтенант Нұрмекенов тез арада оған ұмтылды. Ол бір қолымен қызды ұстап, жағаға жүзе бастады. Адам өмірін құтқара алдық. Қыз үнемі жылаумен болды, ол мұндай әрекетке не үшін барғаны жайлы ештеңе айта алмады», – деді полиция инспекторы Асхат Дабылдаев.
Полиция өкілдері медицина қызметкерлерін күтпей, қызды ауруханаға өздері жеткізген.
«Бұл ерлік емес. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің куәгері болған өзге де полиция қызметкерлері дәл осылай әрекет ететініне сенімдімін», – дейді Асхат Дабылдаев.
https://www.youtube.com/watch?v=0INMuNeMlcI&feature=emb_logo