Тұрғындар тағы дүрлікті кім екен бұған күдікті?
Тұрғындар тағы дүрлікті кім екен бұған күдікті?
213
оқылды

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында күйдіргіге (сибирская язва) қатысты карантин жарияланды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша ауылдың 5 тұрғыны ауруханаға жатқызылған. Бұл – еліміздегі алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де, құс тұмауы, басқа да белгілі немесе белгісіз аурудан жануарлар мен құстар қырылып, дабыл қағылып, бірнеше ауылда карантин жария­лан­ған болатын. Деген­мен осындай жағдайлар орын алып жатса да, ауыл шаруа­шылығын едәуір ақсатып тастай­тын дүрбелеңді бол­дыр­мау жолына қашан жететініміз белгісіз.

Ауыл шаруашылығы министр­лігі 16 тамызда аталған ауылдан алынған сынамалардың нәтиже­сінде алдын ала күйдіргі диагнозын қойып, 17 тамыздан бастап ауылда карантин жарияланды. «Шұғыл түрде Аршалы ауданының аума­ғын­да күйдіргі ауруының ошақ­тарын жою бойынша штаб оты­рысы өтіп, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, денсаулық сақтау бас­қар­масының, жергілікті полиция қызметінің іс-қимыл жоспары қабылданды. Күн сайын жануар­лар­ға комиссиялық тексеру жүргі­зі­ле­ді», – дейді мамандар. Жауап­ты саланың мамандары Ольгинка ауылының барлық малы сәуір айында күйдіргіге қарсы егілгенін айтуда. Олар «Ветери­на­рия­лық қағидаларды бекіту туралы» АШМ 2015 жылғы 29 мау­сым­­дағы №7-1/587 бұйрығы­мен бекітілген ветеринариялық-сани­та­риялық қағидалардың 1 пара­графы­ның 145-22 тармағына сәй­кес, күйдіргі бойынша карантин ин­фекция жойылғаннан және қоры­тынды дезинфекция жүргізіл­ген­нен кейін 15 күнтізбелік күн өткен­нен кейін алынады. Шама­мен қыркүйектің бірінші он­күн­дігінде карантин алынып, мал мен өнімді тасымал­дауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұдан үш жыл бұрын дәл осындай жағдай 2016 жыл­дың 26 маусымында Қара­ған­ды облысы Шет ауданындағы Еркіндік ауылында болып, күйдіргі індеті кесірінен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнемеге күдікті 8 адам жатқызылған, оның ішінде 10 жастағы бала да бар бола­тын. Олардың екеуі – 33 жас­та­ғы әйел мен 49 жастағы ер адам қай­тыс болды. Олардың бәрі де – Шет ауданындағы Еркіндік ауылының тұрғындары. Ал ауылда төтенше жағдай енгізіп, он бес күнге карантин жарияланған болатын. Кейін анықталғандай, ауыл тұрғыны күйдіргіге шалдыққан сиырын сойып, туыстары мен көршілеріне таратып берген.

Ал 2005 жылы Қазақстанда құс тұмауы Ақмола мен Қарағанды облыстарын әбігерге салған бола­тын. Сол кезде Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігі, құс тұма­уы­ның соң­ғы фактілері тіркелген Ақмола об­лысындағы Үшсарт ауылында 2 745 үй құсының көзі жойыл­ға­нын, сондай-ақ Қарағанды облы­сын­да­ғы Тұмсық ауылында 332 үй құсы за­­­лалсыздандырғанын хабар­ла­ды.

Айта кетейік, бұдан үш жыл бұрын дәл осындай жағдай 2016 жыл­дың 26 маусымында Қара­ған­ды облысы Шет ауданындағы Еркіндік ауылында болып, күйдіргі індеті кесірінен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түйнемеге күдікті 8 адам жатқызылған, оның ішінде 10 жастағы бала да бар бола­тын.

Биыл да ауылдағыларға оңай болмай тұр. Жақында Атырау облысының Жылыой ауданында түйенің жаппай қырылуы тіркелді. Аймақта 25-ке жуық түйе арам қатқан. Мамандардың сөзінше, түйелерден ешқандай ауру белгісі байқалмаған, кешкісін жайылым­нан келген мал таңертең өліп қал­ған. Алғашқы мал өлімі Ақкиізто­ғай ауылында тіркеліпті. Бұдан басқа Құлсары қаласы маңындағы Жадырасын жайлауында да мал өлімі болған. Салаға жауап беретін мамандар жұқпалы ауру тарауы мүмкін емес деген болжам да айтты.

«Алдын ала диагноз шөптен улану деп қарап отырмыз қазір. Жұқпалы ауру жоқ деп отырмыз. Шөптен уланды немесе бір нәрсе шағып жатыр ма деп ойлап отыр­мыз. Сондықтан кенеге қарсы өң­деу жасап жатыр», – деген бола­тын Атырау облысы Жылыой аудан­дық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет.

Ал нақты болған жағдайға арнайы зерттеу керек, ол үшін сол жер­дегі жайылым шөбі, өзен-сулар­дан сынаптама алынып ар­найы зертханаларға жіберілуі тиіс. Бізде дұрысы жіберіледі де, бұрысы нақты нәтиже қашан шығатыны белгісіз қалуы, немесе нәтиже шыққанымен күндер өтіп, болған жағдай ұмытылып кеткен уақытта, бұл нәтиженің айтылмай қалуы жиі кездеседі.

Міне осылай, күйдіргіге қарсы егу жүргізілді дейді мамандар. Олай болса, бұл ауру қайдан кел­ген? Кім кінәлі? Сол малдың иесі ме? Әлде, ауылдық жерлерде мал дәрігерлерінің жетіспеуші­лі­гі­нен бе? Мүмкін егілді деген жалған ақпарат па? Ауыл шаруашылығына жауап беретін мамандар өз жұмы­сы­на мұқият болса, мұндай жағ­дай­лар қайталана бермес еді. Әлде, бұл жолы да дүрлігіп қана қоя сала­мыз ба?  


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ