Жүздеген елордалық үлескер бүгін құрылысы аяқсыз қалған тұрғын үй кешен маңына жиналды, – деп хабарлайды AstanaTV.
Бірі – сапасы сын көтермейтін үйдің құрылысын даулап келсе, енді бірі пәтерге құйған ақшасын талап етті. Түйткілдің сағызша созылып келгеніне 10 жылдан асқан.
Тұрғындардың айтуынша жырға айналған "Жағалау" құрылысын әу баста ASI компаниясы бастаған. Кейіннен теңге құнсызданнып кәсіпорын тақырға отырыпты. Компаниямен бірге 1,5 мыңға жуық үлескер сан соғып қалды. Оның басым көпшілігі пәтердің ақшасын алдын ала 100 пайызға төлеп қойған. Кейбірі ресми тапсырылмаған үйге қоныстанып алған.
Тұрғын үй құрылысы толық қанды аяқталуы үшін үлескерлердің өзі қимылдауы керек. Олар, тұрғын үй кооперативін құрып, аяқсыз қалдырған компанияға арыздануы тиіс.
Нұр-Сұлтан қалалық ортаны бақылау мен сапа басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Досқұлов: «Үлескерлердің құйған қаржысы қазір банкте жатыр. Шамамен миллиардтаған сома жиналған. Оны өндіріп алу үшін тұрғындарға жұмылып, сотқа арыздану керек. Сонда 2-3 айдың ішінде мәселе реттеледі. Біз осы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл осы құрылыс нысанында ғана кезедесетін мәселе емес. Басқа үлескерлерге де осындай кеңес береміз», – дейді.
Ал үлескерлердің ендігі үміті Президентте, тұрғындар жиналып, Мемлекет басшысына хат жазбақ.
https://youtu.be/ikU8nOlz-0Y