Ғазиз Әбішев: Nur Otan әкімдердің жұмысын қатаң қадағаласа
Ғазиз Әбішев: Nur Otan әкімдердің жұмысын қатаң қадағаласа
398
оқылды

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси аренадағы беделі, саяси салмағы, елге, халыққа берген орасан пайдасы Nur Otan партиясының да аяғынан нық тұруына, оның қоғамдағы орнының қалыптасуына үлкен әсер етті. Сондықтан қазір партия басшылығына келген азаматтардың, партия өміріне араласа бастаған жастардың сол бағытты бұзып алмай, сол қарқынды жоғалтып алмай жүруі өте маңызды. Қазір елдегі жағдай 2000 жылдардың бас кезіндей емес. Саяси жағдай да, қоғамдық құбылыстар да мүлде басқаша рең алған. Партия да өз саясатын соған бейімдеу керек. Халықтың ықыласын кемітіп алмас үшін барынша еңбек қылуы керек. Сол үшін артық-ауыс бюрократиядан арылып, шынайы бағытын қалыптастырса деген тілек бар. Партия – мемлекеттік ұйым емес. Партия – ойы, идеясы, көзқарасы ортақ адамдар топтасқан орта. Менің бір ұсынысым – партия аймақтардағы филиал басшыларын және олардың орынбасарларын қадағалап, олардың мейлінше ұтымды еңбек етуіне назар аударғаны жөн. Өңірлерде қызмет ететін әкімдердің жұмысынан шикілік шықса, бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбаса партия соларды қатаң қадағалап, тіпті тиісті шара да қолдана алуы тиіс.