Қазақстанда стационарлар жабылып, төсек-орын қоры қысқартылып жатыр
Қазақстанда стационарлар жабылып, төсек-орын қоры қысқартылып жатыр
288
оқылды
Қазіргі уақытта елімізде 7 провизорлық және 1 жұқпалы аурулар стационары жабылған, жалпы төсек-орын саны - 1 070. Сондай-ақ, 6 стационарда орын саны 855-ке қысқартылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Мына стационарлар жабылды: Ақтөбе облысы - Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасы (300 орын); Атырау облысы - Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі (30 орын), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 орын); Атырау облыстық ауруханасы (200 орын); Қарағанды облысы - Облыстьқ кардиологиялық орталық жанындағы "Турист" қонақүйі (100 орын), ҚарМТУ жатақханасы (100 орын); Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 орындық инфекциялық стационар); Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 орын). Төсек орын қысқарды: Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 орынға), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 орынға), Бейнеу ауруханасы (30 орынға), Түпараған аудандық ауруханасы (25 орынға), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 орынға); Павлодар облысы - Сұлтанов атындағы гоститаль ("Мойылды" шипажайы, 500 орынға). Өзге өңірлер мен Алматы қаласында 2тамыздан бастап провизорлық орталықтарды жабу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, төсек-орын саны қысқарады.