Құрбан айт: Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді
Құрбан айт: Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді
© сурет интернеттен алынды
5,214
оқылды
Алматы қаласында Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға мал әкелудің алдын алу үшін бекеттер ұйымдастырылды.
«Көлік, оның ішінде мал тасуға болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын. Жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Биыл Құрбан айт мерекесі кезінде Алматыға мал кіргізуге, мал союға тыйым салынған болатын. Бұл туралы кеше қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты.