Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесі ПТР-тест тапсыруы керек
Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесі ПТР-тест тапсыруы керек
© сурет интернеттен алынды
280
оқылды
Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест тапсыруы керек. Бұл туралы МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков хабарлады.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шектеу шаралар қайтадан енгізілгенін білесіздер. Осыны ескере отырып, кейбір өңірлердегі демалыс орындарында және курорттық аймақтарда, атап айтқанда Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында және Шучье, Бурабай курорттық аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы санитарлық дәрігердің қаулылары қабылданған болатын. Курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражатының қайтарылуын болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, қабылданған санитарлық дәрігерлердің қаулыларына кейбір толықтырулар енгізу мүмкіндігі талқыланды», - деді Дастан Рыспеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында, сондай-ақ Шучье, Бурабай курорттық аймағында орналасқан курорттық аймақтар бойынша ортақ талаптар қойылады.
«Алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат берілді. ШҚО-дағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесінде ПТР-анықтамасы болса бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады. Блокпосттардағы өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған бронның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылады», - деді ол.