Тоқаев өзіне халықтың неге шағымданып хат жазатынын айтты
Тоқаев өзіне халықтың неге шағымданып хат жазатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
5,162
оқылды
Мемлекет басшысы Алматы - ең ірі қала және ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі деп есептейді. Осы орайда Президент Алматы тұрғындары карантиндік шектеу шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын айтты. 18 шілдеде өткен селекторлық отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық Ақордаға "Ұлттық парктерді ашыңыздар, демалғымыз келеді" деген сарындағы хаттарды әлі де жазып жатқанын айтқан болатын.
"Карантин шаралары тұрғысынан алғанда, алматылықтар елдегі тәртіпті сақтамайтын өңірлердің көшін бастап тұр. Біз мұны жақсы білеміз. Қандай болсын идеологиялық жұмыс жүргізілуі керек қой! Барша ел карантинді сақтайды, ал Алматы сақтамайды. Осы нигилизмнен арылу керек", - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы мегаполис дәріханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де айтты. Ол дәрі тапшылығы бар екенін айта келе, дәріхана кезегінде адам көп жиналатынын алға тартты.
"Адамдар видео түсіріп, үкімет жұмысты тиісті деңгейде орындамай отырғанын мәлімдейді. Ал әкімдер тапшылық бар екенін мойындамайды. Жағдай бақылаудан шығып кетті. Бұрынғы кеңесші Ертісбаев: Президент мырза, Сталин сияқты болыңыз, бәрін қызметінен босатыңыз" деп маған кеңес береді. Мен Алматы туралы ғана айтып отырған жоқпын. Бірақ Алматы - ең ірі қала, ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі", - деді Тоқаев.
https://www.facebook.com/942798169115360/videos/384947232696583