Велосипед ұрлығы көбейді
Велосипед ұрлығы көбейді
614
оқылды
Күнделікті өмірде велосипедпен жүру дағдыға айналып келеді. Спорт пен қажеттілікті қатар атқаратын екі дөңгелекті арбаның құны да қымбаттап тұр. Сондықтан болар Атырау қаласында жыл басынан велосипед ұрлығы бойынша барлығы 70 қылмыстық іс тіркелген. Полиция қызметкерлерімен іздестіру шаралары барысында қолды болған 50-ге жуық велосипед жәбірленушілерге қайтарылған. Айталық Атырау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі көп қабатты үй дәлізінің 2-ші қабатында тұрған құны 60 мың теңге тұраты Trinx маркалы велосипеді мен құны 80000 теңге тұратын қара түсті спорттық велосипедін жасырын ұрлап, бой тасалап қашып кеткен күдікті іздестіру шаралары барысында анықталып ұсталған. Велосипедке деген қызығушылы бар қала тұрғыны тергеу изоляторына қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері велосипед ұрлығын «кәсіп» еткен күдіктіні анықтап, ұстады. Тексеру барысында, жас жігіттің 3 велосипедті қолды еткені анықталды. Жедел уәкілдермен велосипед ұрлығына қатысты 27-жастағы әйел анықталды. Ол қаланың Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің дәліздерінде қалдырылған екі велосипедті және балаларға арналған самокатты қасына 4-жастағы қыз баласын ертіп жүріп жасапты. Күдіктінің басқа ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ал жуырда Атырау қаласы Ақ-шағала ықшам ауданы 2 көшедегі үйлердің бірінің дәлізінде тұрған құны 90000 теңге тұратын Stels маркалы велосипеді жоғалғаны бойынша іздестіру шаралары барысында қылмысқа күдікті анықталға. Оған ҚР ҚК-ң 188 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сайып келгенде өңірде ұрылардың көздегені құны қымбат велосипед болып тұр.

 Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы