Дәрігерлер мен қарттарға демеу болды
Дәрігерлер мен қарттарға демеу болды
273
оқылды
«Jas Otan» Жастар қанаты БҚО фи­лиа­лының консультанты Ерлік Шам­ғалидің айтуынша, 10 шілдеде басталған ша­ра тамыз айының соңына дейін со­зыл­мақшы. Мұндағы мақсат – COVID-19 дер­тіне шалдыққан науқастармен тікелей қа­рым-қатынас жасап, індетпен күресте ал­дыңғы шепте жүрген медицина қыз­меткерлеріне күн сайын қымыз бен сау­мал жеткізіп, иммунитеттерін көтеріп, бү­гінгі күннің батырларына қолдау көр­сету. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Мұрат Мұ­қаевтың қолдауымен жергілікті «Жай­лау» шаруа қожалығымен келіссөз ж­а­салып, соның нәтижесінде жасотандық ерік­тілер бір ай бойы облыстық, қалалық көпбейінді ауруханалар мен облыстық жұқ­палы аурулар ауруханасына жалпы кө­лемі 1 тонна сусынды күн сайын жет­кізіп отырмақ. Сондай-ақ аталған шара өңірдің 12 ауданында жалғасын тапты. Соның нәтижесінде бүгінге дейін облыс дәрігерлеріне 400 литрден астам қымыз жеткізілген. – Қымызбен шектеліп қалмай, 21 шіл­деден бастап жәдел жәрдем қызмет­кер­леріне ыстық тамақ тараттық. Әрине, қымыз, шұбат, бір мезгілдік тамақпен ешкімнің жыртығын жамай қоймаспыз. Дегенмен медицина қызметкерлеріне де­ген шынайы көңіл, ыстық ықылас, ниет таныту – мақсатымыз. Олар да өз­деріне жан-жақтан қолдау білдіріп жат­қандарды көріп, індетпен күресте жалғыз еме­сін сезініп, алғысын айтып жатады, – деді Ерлік Шамғали. Сонымен қатар пандемияға бай­ла­нысты Biz Birgemiz акциясы аясында БҚО жеке сот орындаушылары мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалымен бір­лесіп, Оралдағы арнайы әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығына (қарттар үйі) гу­манитарлық көмек көрсетті. Әлеу­мет­тік мекемедегі қызметкерлерге 2 тонна­дан астам азық-түлік, көкөніс пен бөлме­лер­ді желдетуге арналған құрылғылар сыйға тартты. Batis-Nur Otan Осы кезге дейін де  БҚО жеке сот орын­даушылары әлеуметтік жағдайы тө­­мен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік табыстап, көмектескен бо­латын. – Осындай игі шараларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Осы­лай­ша, біз бұл қиындықтарды бірлесіп жеңе­тін боламыз, – деді БҚО жеке сот орын­даушылары өңірлік палатасының бас­­шы­сы Пердебек Қабылбеков. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясы Жәні­бек аудандық филиалы жанындағы пар­тиялық бақылау комиссиясының мү­шелері аудан орталығындағы дәрі­хана­ларға мониторинг жүргізді. Тексеріс ке­зін­де жұмыс тобы дәрі бағасының тұрақ­талып, бағаны көтеру фактісі болмағанын анықтады. Дегенмен аудан орталығын­дағы үш дәріханада парацетамол мен қызу өлшегіш құрал жоқ. Алайда құра­мын­да парацетамолы бар, яғни сол дәріні алмастырушы дәрілер қоры жеткілікті. Дәріхана иелері алдағы уақытта дәрі-дәрмектің мол қоры жеткізілетінін ха­бар­лап отыр.  

Мадияр ТӨЛЕУ