Алдағы күзде азық-түлік қымбаттай ма?
Алдағы күзде азық-түлік қымбаттай ма?
267
оқылды
Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының 9,1 немесе 7 пайызға дейін қымбаттаған кездері болған. Карантин уақы­­тында шекті бағаларды бекіту арқылы бағаны ұстап тұ­руға қол жеткізілді. Бірақ бұл нарық­тық шара емес. Сондықтан карантиннен кейін шекті бағалар алып тасталды. «Жергілікті орындарда азық-түлік бағасын реттеу әкім­дік­тердің құзыретінде екенін білесіздер. Егер күзде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өссе – Сауда және интеграция министрлігі шекті бағаларды қоюға дайын. Ең бастысы, азық-түліктің қазіргі көлемі жеткілікті. Сондықтан біз бағаның өсуін 6-7 пайыздық деңгейде күтіп отырмыз», – деді Азамат Асқарұлы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте. Вице-министр республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша түсім жақсы екенін айтады. Фер­мерлерге ең алдымен ішкі на­рықты толтыру мен ел ішінде ар­зан бағаға сатуды жүктей оты­рып, азық-түлік тауарларын арзан­датуға қол жеткізілмек. asik-tylik1  

Айдана БЕГІМ