Cолтүстікке қоныс аударды
Cолтүстікке қоныс аударды
407
оқылды

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру іс-шарасын бастады. Партия өкілдері Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлама аясында халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстарын насихаттау мақсатында басқосу өткізді.

Жиынды Nur Otan партиясының Түр­кі­стан облыстық филиалы төрағасының бірін­­ші орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып, осы бағытта атқарылып жатқан жұ­­мыстарға тоқталды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша 2015 жылдан бас­тап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңір­леріне халқы тығыз орналасқан оң­түстік аймақтардан халықты өз еркімен қо­ныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған еді. Осы орай­да, Nur Otan партиясы Түркістан об­лыстық филиалы ішкі көші-қон процес­терін реттеу және еңбек күші мол аймақ­тан, еңбек күші жетіспейтін республика­мыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен ха­лықты қоныстандыру жұмыстарын на­сихаттауды қолға алдық, – деді Бейсен Тәжібаев.

Бағдарламаны жүзеге асыру өңірде 2015 жылы басталып, бүгінгі таңда сол­түс­тік өңірге 881 отбасы (3 377 адам) қо­ныс аударған. Олар мемлекет тарапынан бері­летін түрлі әлеуметтік көмекпен қам­та­масыз етілді. Халықты қоныс аударуға ынталандыру мақсатында солтүстік өңірі­нің өкілдері кезең-кезеңімен облыста түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Со­нымен қатар солтүстік, шығыс өңір­леріндегі бос жұмыс орындары туралы мә­лімет ай сайын алынып, аудандық, қа­ла­лық жұмыспен қамту орталық­тарының базалық мәліметтеріне енгізілді. Статистикалық мәлімет бойынша, тек ағымдағы жылдың І тоқсанында 3 мыңға жуық жұмыс орындары ұсынылыпты.

Айта кетейік, 2018 жылға республика бойын­ша бөлінген 1 706 квота негізінде облыстан 455 отбасы (1 768 адам) солтүстік өңір­лерге қоныс аударған. Олар квотамен, көшу үшін берілетін субсидиямен қам­та­масыз етілді. Тұрақты мекенжайларын ауыс­тырғандардың басым бөлігі Са­рыа­ғаш (91 отбасы), Сайрам (63 от­басы), Мақ­таарал (75 отбасы), Ордабасы (49 от­басы) аудандарының тұрғындары. Ал биыл­ғы жылы облыстан 427 отбасыны кө­шіру жоспарланып отыр. Бүгінде 284 отба­сы солтүстік өңірлерге қоныс аударып үл­герді. Олар Қостанай, Шығыс Қазақ­стан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысына көшіп барды.

Еске салайық, «Еңбек» бағдар­лама­сына қатысушыға және оның отбасы мү­шелеріне – отағасына және әрбір отба­сы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88 375 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Бүгінгі таңға дейін Түркістан об­лысынан қоныс аударғандардың басым бө­лігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Кә­сібін ашамын деушілерге егін, мал шаруа­шылығымен шұғылдануға жер те­лімдері берілуде. Тұрғындарға бос тұрған ғимараттар ұсынылып, олардың көпшілігі сонда қоныстанып жатыр. Солтүстік өңіріне барған азаматтар сондай-ақ кө­шіп-қонуға байланысты мемлекет тара­пынан берілетін материалдық көмекпен қам­тамасыз етіледі.


Әбілмансұр ЖАСАН