Бақыттың кілті – «Бақытты отбасында»
Бақыттың кілті – «Бақытты отбасында»
415
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан орталығы Көкпекті ауылында көпбалалы отбасыларға, дәрігер­лерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және толық емес отбасы өкілдеріне 13 баспананың кілтін табыс етті.

Баспаналы болған көпбалалы ананың бірі – Альфия Гусейнова. Төрт баланың ана­сы мектепте мұғалім болып жұмыс іс­тейді. Баспанаға қол жеткізіп, ерекше қуа­нышқа кенелген Альфия төрт бөлмелі жер үйді өзі таңдаған екен.

– Әр отбасы баспаналы болуды ар­ман­дайды. Соның ішінде біз де бармыз. Сәті тү­сіп баспанаға қол жеткіздік. Көпбалалы ана ретінде бізге тегін үй берілді. Осы орай­да барша көпбалалы отбасыларға кө­мек қолын созып, оларды назардан тыс қал­дырмаған облыс басшысы Даниал Ах­метовке шын көңілден алғысымды біл­діре­мін, – деп ағынан жарылды ол.

Отбасының қуанышымен бөліскен ай­мақ басшысы жаңа қонысқа арнайы ба­рып құттықтап, көрімдік ретінде үлкен теле­дидар, балаларға екі смартфон және ойын­шықтарды сыйға тартты.

– Бұл жұмыс облыста жалғасады. Бас­паналы болған барлық тұрғынды куа­ныштарымен құттықтаймын, – деді Даниал Ахметов.

Салтанатты шараға қатысқан Көкпекті аудан­дық ТҮКШ бөлімінің басшысы Қай­рат Желкишев те тұрғындардың қуаны­шы­мен бөлісті.

– Бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үй бөлу бағдарламасы бойынша жоба жа­салып жатыр, келесі жылы берілетін бас­па­на­лардың санын көбейтуді жоспарлап отыр­мыз. Nur Otan партиясының «Ба­қыт­ты отбасы» жобасын жүзеге асыру алдағы уақытта да жалғасын табады – деді Қайрат Жұмағалиұлы.


Жазира ДАРХАНҚЫЗЫ